02.03.2023 _ 12:21

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 2 мыңнан астам көлік айыптұраққа қойылды

Елімізде ақпан айының соңғы аптасында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың мәліметінше, іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған 70 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері 1,2 мыңнан астам бұзушылыққа жол берген.

«Сонымен қатар автожолдардың 4 мың шақырымға жуық авариялық-қауіпті учаскелері зерттеліп, қосымша 600 астам жол белгісі орнатылды», - деді А. Боранбаева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Спикер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 2 мыңнан астам автокөлік әртүрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін айып тұрақтарына қойылғанын атап өтті.