02.03.2023 _ 14:30

«Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі: біз музыкалық сүйемелдеумен орындауды жандандырдық

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі, дирижер Серік Дәулетов жобаның басты ерекшелігі жайлы айтып берді.

«Басты ерекшелігі – біз хореографиялық балетті музыкалық сүйемелдеумен орындау мүмкіндігін қайта жандандырдық. Бір кездері бұл ұмытылған еді. Қазір қайда шығып жатыр. Осындай талантты жандардың бар болғанына қуаныштымын. Біз үлкен кастинг өткіздік. Олар бір-бірімен ұжымның қалыптасуы барысында танысуда: музыканттар мен бишілер арасында жақсы қарым-қатынас орнады», - деді спикер.