02.03.2023 _ 17:00

Ерлан Қарин Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті

Кездесуде екі ел арасындағы өнер және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
фото akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени қарым-қатынастардың маңызы жөнінде атап өтті.

Өз кезегінде, Ольга Любимова өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты жоспарлары жайында айтты.

Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық бағыттағы екіжақты диалогты жалғастыра беруге уағдаласты.