Өз кезегінде, Қазақстанда гүлдер экспорты 2022 жылы 10,1%-ға өсіп, 2,7 млн доллар болды.
Қазақстан гүлдердің келесі түрлерін экспорттайды: раушангүлдер – 2,2 млн доллар (үлесі 80,6%), гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 220,2 мың доллар (8,2%), хризантема – 169,4 мың доллар (6,3%), қалампыр – 111,8 мың доллар (4,2%), лалагүлдер – 10,4 мың доллар (0,4%), орхидеялар – 8,6 мың доллар (0,3%), басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 760 доллар (0,03%), ранункулдар – 331,2 доллар (0,01%), гладиолустар – 1 110 доллар (0,004%).
Ал гүл импорты 2022 жылы 9,7%-ға өсті (46,1 млн доллар).
Қазақстан импортатйтын гүлдер: раушангүлдер – 30 млн доллар (үлесі 65,2%), хризантема – 6,2 млн доллар (13,5%), гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 5,8 млн доллар (12,6%), басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 1,4 млн доллар (3,1%), лалагүлдер – 1,2 млн доллар (2,7%), қалампыр – 1 млн доллары (2,3%), орхидеялар – 241,3 мың доллар (0,5%), ранункулдар – 79,2 мың доллар (0,2%), гладиолустар – 7,9 мың доллар (0,02%).