07.03.2023 _ 11:20

Әлеуметтік сауалнама: Қазақстанда әйелдердің шамамен 47% өз ісін ашуға ниетті

Қазақстанда әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы белсенділігі төмен екендігі байқалады: әйелдердің 30%-ы және ерлердің 70%-ы ШОБ-та еңбек етеді. Қазақстандық қоғамдық даму институтының отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Ольга Николаева ОКҚ алаңында Қазақстандағы гендерлік саясаттың ерекшеліктеріне арналған брифинг барысында осындай мәліметтерді келтірді.
Әлеуметтік сауалнама: Қазақстанда әйелдердің шамамен 47% өз ісін ашуға ниетті

Оның айтуынша, ресми немесе азаматтық некеде тұратын әйелдердің шамамен 10%-ы экономикалық тұрғыдан жұбайына тәуелді.

«Жаппай сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, әйелдердің 47,3%-ы өз ісін ашып, бизнеспен айналысқысы келеді. Өз кәсібін ашуға кедергі келтіретін ең көп таралған себептер ретінде әйелдер қаржы жетіспеушілігін (64,7%), тәжірибенің, білімнің болмауын (33%), қорқынышты (22,4%) атады», - деді спикер.

Бұл ретте О. Николаева әйелдерге арналған тәлімгерлік институтын кеңейтуді, экономикалық қолдаудың қол жетімді шаралары мен оларды алу жолдары туралы хабардар етуді ұсынды. Сондай-ақ мемлекеттік балабақшалар желісін кеңейту, тегін немесе жеңілдікті негізде қосымша кешкі топтар есебінен олардың жұмыс уақытын ұзарту ұсынылады.