09.03.2023 _ 11:20

Аты аңызға айналған Urker тобы «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрімен өнер көрсетеді

21-22 наурызда «Астана Балет» сахнасында мәдени құбылысқа бағалауға тұрарлық шара –аңызға айналған Urker тобының 30 жылдығына және театрдың 10 жылдық мерейтойына арналған театрдың симфониялық оркестрімен бірлескен концерті өтеді. Театрдың бас дирижері мен топ солистері ОКҚ алаңында өткен брифингте бірлескен жобадан не күтетіндерін айтып берді.

«Оркестр әртістері бұл кездесуді асыға күтуде. Олардың көпбі осы топтың әндерін тыңдап өсті. Біз елорда тұрғындарына мереке сыйламақпыз», - деді «Астана Балет» театрының бас дирижері Арман Оразғалиев.

«Біз үшін бұл әйгілі әндерді қайта түлетіп, оларды жаңаша ұсыну мүмкіндігі: симфониялық, драмалық түрде. Симфониялық оркестрдің арқасында көптеген әндер мүлдем басқаша естіледі. Біз мерейтойлық маусымды осы концерттермен ашамыз», – деді «Urker» тобының солисті Айдос Сағат.