09.03.2023 _ 14:20

Елде егіс науқанын жүргізуге 450 мыңға жуық арнайы техника бар

Көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде сапалы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлім етті.
Елде егіс науқанын жүргізуге 450 мыңға жуық арнайы техника бар

​​​Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құралымдарында 149,8 мың трактор, 76 мың тұқым сепкіш, 219 мың топырақ өңдеу құралы бар.

«Республикада бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендерінің 4,9 мыңнан астам бірлігінің болуы агротехнологияларды дәл сақтай отырып, дәнді дақылдар алаңдарының 70%-ын себуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған техникалардың дайындығы шамамен 95%-ды құрайды, егіс жұмыстарын жаппай бастау алдында 100%-ға дайын болады», - деді спикер.