10.03.2023 _ 14:30

Биыл маусым айында Астана халықаралық форумы өтеді - ҚР СІМ

Биыл маусым айында Қазақстанда ауқымды шара – Астана халықаралық форумы өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.
Биыл маусым айында Астана халықаралық форумы өтеді - ҚР СІМ

Спикер атап өткендей, жалпы алғанда, еуропалық серіктестер тарапынан екіжақты ынтымақтастықтың барлық саласын ілгерілетуге аса қызығушылық байқалады, бұған Астананың көпбағытты сыртқы саясаты ықпал етіп отыр.

«Биыл маусым айында Қазақстанда ауқымды шара – Астана халықаралық форумы өтеді. Бірқатар Еуропа елдері оның жұмысына белсенді қатысуға қызығушылық білдіруде, мемлекеттер, үкіметтер басшылары, ірі трансұлттық компаниялар және академиялық топтар деңгейінде қатысуға мүдделі. Біз еуропалық қонақтар көп келеді деп ойлаймыз», – деді ҚР СІМ басшысының орынбасары.

Сонымен қатар жақында Ұлыбритания, Чехия, Италия, Австрия және басқа елдердің өкілдерінің елімізге жоғары деңгейдегі сапарлары күтілуде.