13.03.2023 _ 08:15

Египеттің «Air Cairo» әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады

Мемлекет басшысының халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп «Air Cairo» египеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Осылайша, «Air Cairo» әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр және сенбі) А-320 типті әуе кемелерінде.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда - экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Анықтама:
«Air Cairo» - Каирде (Египет) орналасқан мысырлық әуе тасымалдаушысы. Авиакомпания рейстерді 2003 жылы бастады.

Әуе компаниясы әлемнің 20-дан астам еліне (Армения, Дания, Австрия, Әзербайжан, Франция, Грузия, Германия, Венгрия, Италия және т.б.) 50 маршрут бойынша халықаралық рейстерді орындайды.

​​​​​​Әуе компаниясыеың паркінде Airbus A320, A320neo, ATR 72 және Embraer 190 типті 19 әуе кемесі бар.