13.03.2023 _ 10:00

«Айтылды - Орындалды»: Президент тапсырмаларының орындалуы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерген бірқатар бастамалары заңнамалық тұрғыдан бекітілді.

Біріншіден, бұл Президенттің президенттік өкілеттіктерді атқару мерзімінде саяси партияға мүшелігін тоқтату міндетіне қатысты тапсырмалар.

Сонымен қатар Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор басшыларының қызметтерін атқаруына тыйым салу.

Сондай-ақ сайлау жүйесін жетілдіру жөнінде тапсырма берілді.

Өкілді билік тармағын қайта жасақтауға қатысты жеке тапсырма берілді.