14.03.2023 _ 08:03

Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады

Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді. ҚР ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ.

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.