16.03.2023 _ 14:51

Қазақстанға түркі мемлекеттері ұйымы елдерінен түскен инвестициялардың 95%-ы Түркияның үлесіне тиесілі

2005 жылдан бастап 2022 жылдың 3 тоқсанына дейін түркі мемлекеттері ұйымы елдерінен Қазақстанға түскен тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 4,8 млрд АҚШ долларын құрады, оның 95% Түркияның үлесіне тиесілі, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Қазақстанға түркі мемлекеттері ұйымы елдерінен түскен инвестициялардың 95%-ы Түркияның үлесіне тиесілі

2021 жылы Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі жылдық ең жоғары көрсеткішке, яғни 703,3 млн АҚШ долларына жетті. Ал 2022 жылғы 3 тоқсанда 347,7 млн АҚШ долларды құрады.

Айта кетейік, түрік инвестициялары негізінен экономиканың сауда және қонақ үй секторларында ұсынылған. Түрік инвесторлары еліміздегі қонақ үй бизнесінде БАӘ-ден кейінгі екінші орында.