19.03.2023 _ 09:30

Қазақстанда демократия деңгейі жылдан жылға артып келеді - АӨСШК Бас хатшысының орынбасары

Қазақстандықтар балаларға кішкентайынан сайлау процесінің мәдениетін үйретіп, сайлау учаскелеріне отбасымен бірге барады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатысып отырған АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чи Фанның пікірінше, бұл өте маңызды. Чи Фан ханым «Сайлау-2023» телемарафоны аясында ОКҚ алаңында өз әсерімен бөлісті.


«Таңертең АӨСШК Хатшылығының бақылаушыларымен бірқатар сайлау учаскелерінде болдық. Бүгін Астанада ауа райы қолайсыз, әрі жексенбі болса да, қазақстандықтар дауыс беруге көптеп келуде. Кейбіреулері отбасымен дауыс беріп жатыр. Бұл қызығушылықтың жоғары болуының белгісі. АӨСШК байқаушылары Қазақстанда сайлауды бақылауға бұған дейін де шақырылған болатын. Қазақстанда демократия деңгейі жылдан жылға артып келе жатқанын атап өткім келеді», - деді спикер.