19.03.2023 _ 11:40

Халықаралық Түркі академиясының байқаушылары: қазақстандықтар сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарайды

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Халықаралық Түркі академиясының өкілдері осындай пікірін білдірді.
Халықаралық Түркі академиясының байқаушылары: қазақстандықтар сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарайды

«Біз таңертең біз Астана қаласындағы 10 сайлау учаскесіне барып, қандай да бір бұзушылықтарды байқамадық. Менің ойымша, сайлау демократиялық нормаларға сай өтуде, мұқият дайындық жүргізілген», - деді Академияның вице-президенті Эрхан Тюрбедар. 


«Біз назар аударған жайт – адамдар сайлауға, дауыс беру процесіне үлкен жауапкершілікпен қарайды, олар мұның елдің болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеді», - деді Академияның аға сарапшысы Тимур Козырев.