19.03.2023 _ 13:30

Мартин Сайдик: сайлау - қазақстандық қоғамды және билік пен халық арасындағы қатынастарды дамытудағы алға жасалған қадам

Әлемнің түрлі елдерінен келген шетелдік байқаушылар Жаңа және Әділетті Қазақстандағы жаңа мемлекеттік модельге қызығушылық зор екендігін атап өтуде. Бұл туралы бүгін халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы брифингте Австрия еуропалық және қауіпсіздік саясат институтының басқарма мүшесі және кеңесшісі Мартин Сайдик хабарлады.

Оның айтуынша, институт өткен жылдар мен онжылдықтардағы кейбір посткеңестік мемлекеттердің трансформация процестеріндегі оқиғаларды ұдайы бақылап отыратын Австрияның жетекші ғылыми орталығы болып табылады.

«Қазақстанда, мұндай процестерді ескеретін болсақ, трансформациялық әлеует зор екенін байқаймыз. Әлемнің түрлі елдерінен келген халықаралық байқаушылардың көптігі Жаңа және Әділетті Қазақстандағы жаңа мемлекеттік модельге деген халықаралық қызығушылық бар екенін көрсетеді. Меніңше, бүгінгі сайлау ел халқына қажет өзара сенім туғызатын осы мемлекеттік модельді іске асырудағы нақты кезең болады деп ойлаймын.  Бүгінгі сайлау - қазақстандық қоғам мен демократияны дамытуда, билік пен халық арасындағы қарым-қатынаста ілгері жасалған қадам деп сенемін», - деді спикер.