19.03.2023 _ 15:50

ИЫҰ байқаушылары: біздің миссиямыз дауыс беру кезінде халықаралық деңгейде танылған стандарттардың қолданылғанын атап өтеді

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) 57 мемлекет мүше және 5 байқаушы ел бар. Аталған ұйым мүше мемлекеттерді демократия мен тиісті басқару жолына түсуге ынталандырады. Бұл тұрақтылықтың кепілі және әлеуметтік-экономикалық дамудың қозғаушы күші болып табылады. Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас Хатшылығының саяси департаментінің елшісі Сэид Шейх Сэид Хассан Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауын бақылау барысы туралы ақпаратпен бөлісті.

«ИЫҰ миссиясы 17-21 наурыз аралығында Қазақстанда болады. ИЫҰ байқаушыларының миссиясы ҚР Орталық сайлау комиссиясының парламенттік сайлауға мұқият дайындық жүргізуді және оны өткізуге жағдай жасауды қамтамасыз ету жолындағы жұмысын құптайды. Миссия барған сайлау учаскелерінде атмосфера жақсы. Біздің миссиямыз дауыс беру кезінде халықаралық деңгейде танылған стандарттардың қолданылғанын атап өтеді», - деді спикер.