19.03.2023 _ 17:00

Біз жауапты әрі маңызды өзгерістер кезеңіне өткен Қазақстанның тыныс-тіршілігін сезіне алдық – ШЫҰ байқаушылары

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) байқаушылары 20-дан астам сайлау учаскесіне барды, бұл ретте олар сайлаушылардың тұрақты келуін, барлық дерлік учаскелердің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабиналармен жабдықталғанын атап өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифинг барысында Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлаудағы миссия жұмысының бірқатар алдын ала қорытындыларымен таныстырып өтті.

ШЫҰ өкілінің айтуынша, миссия үшін жұмыс істеуге барлық жағдайлар жасалған, учаскелерге бару алдын ала келісілген жоқ және байқаушылар сайлауға қатысып жатқан бес саяси партияның штаб-пәтерінде өткізген кездесулер конструктивті жағдайда өтті.   

«Біз үміткерлердің орташа жасына таң қалдық - 46 жасқа дейін. Яғни, Қазақстанның депутаттық корпусы сайлаудан кейін айтарлықтай жасарады, бұл елге жаңа серпін, креативтілік береді. Біз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстан туралы доктринасы аясында жауапты әрі маңызды өзгерістер кезеңіне өткен Қазақстанның тыныс-тіршілігінің атмосферасын сезіне алдық», - деді спикер.