«Қазақстанның көппартиялы Парламенті алға қадам жасады. Парламенттің жаңа мүшелерінің күрделі заң шығару жағдайындағы жұмысы қалай болатыны қызық», - деді миссия мүшесі, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Мемлекеттік Думасының ұлттар істері комитетінің төрағасы Геннадий Семигин.
Сондай-ақ спикердің айтуынша, Қазақстан ТМД-ның көптеген елдері үшін демократиялық өзгерістерге батыл қадам жасау тұрғысынан үлгі бола алады.
ШЫҰ байқаушылары сайлау науқанының легитимділігін және бұл сайлаудың маңыздылығы мен беделін арттыратынын атап өтті.