20.03.2023 _ 12:45

Қазақстан саяси плюрализмнің негізін салуда

АҚШ-тан келген халықаралық байқаушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және маслихаттар депутаттарын сайлау барысын бақылау жөніндегі пікірлерімен бөлісті. Джеймстаун Қорының аға ғылыми қызметкері (АҚШ) Маргарита Ассенованың айтуынша, сайлау бәсекеге қабілетті болды.

Маргарита Ассенова бір мандатты округтер бойынша сайлау тетігін жандандыру, жастар, әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін міндетті квоталар енгізу сынды жаңашылдықтарды атап өтті. 

«Бұл сайлау – Қазақстанның саяси реформаларда жасаған тағы бір қадамы. Бұл плюралистік қоғам құруға өте жақсы негіз болады», - деді спикер халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте.