24.03.2023 _ 14:10

ТКШ мәселелері бойынша жаңа түзетулер қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған - ҚР ИИДМ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық талқылау барысында ҚР ИИДМ Қала құрылысы және тұрғын үй коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына түзетулер туралы айтты.

Спикердің сөзінше, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары тиісті заң жобасына бастамашылық жасады, оған Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда қол қойды.

«Заңның негізгі бағыттары тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару тетігін жақсарту, кондоминиум объектілерін басқару және күтіп ұстау жөніндегі қызметте ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің осы процестерге қатысуы болып табылады», - деді Руслан Лепесов.