24.03.2023 _ 14:40

Жаңа кодекске қала құрылысының сапасын бақылауды күшейтетін нормалар енгізіледі – ҚР ИИДМ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық талқылау барысында ҚР ИИДМ Қала құрылысы және тұрғын үй коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов қалаларда салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасын жақсарту бойынша қандай шаралар қабылданатыны туралы айтып берді.

Атап айтқанда, департамент басшысы журналистің құрылыс саласын жақсарту бойынша министрліктің заңға қандай өзгерістер енгізетіні туралы сауалына жауап берді. Оның айтуынша, ҚР ИДДМ қазір бұл бағытта жұмыс істеп жатыр.

«Қала құрылысы кодексінің жобасы әзірленуде. Сол кодекс бойынша біз қала құрылысы және сәулет саласына қатысты нормаларды енгізуді қарастырып жатырмыз. Оларға талдау жасаған соң заңға енгіземіз. Тиісті заң жобасын биыл қараша айында Мәжілістің қарауына ұсынамыз», - деді ол.

Р. Лепесов 7 жыл бұры салынған құрылысты сапасын бағалап, қабылдап алатын мемлекеттік комиссия болғанын айтты.

«Құрылыс саласында қазір тек 4 адам: сәйкестік декларациясы бойынша, мердігер, авторлық техникалық қадағалау және тапсырыс берушінің өзі пайдалануға беру актісіне қол қояды. Сосын нысанды қабылдау кезінде мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы қол қойып, тексереді», - деді министрлік өкілі.