31.03.2023 _ 15:13

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан мен Әзербайжанның медиа саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров Әзербайжанның медиа саласының өкілдерімен кездесті. Әзербайжандық делегацияны республиканың Аудиовизуалды кеңесінің төрағасы Исмат Саттаров бастап келді.
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан мен Әзербайжанның медиа саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

ОКҚ өкілдері өз жұмысының негізгі бағыттары, оның ішінде, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру жайлы айтып берді.

Өз кезегінде әзербайжандық тарап медиа және коммуникациялар саласының болашағы зор екенін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендігін жеткізді.