03.04.2023 _ 10:32

Денсаулық сақтау министрлігі: биыл отандық дәрі-дәрмектердің үлесін 33% жеткізу көзделген

Ведомствоның хабарлауынша, 2023-2029 жылдарға арналған «Отандық өндірістегі дәрі-дәрмектердің үлесін ішкі нарықта 50%-ға дейін жеткізу» Жол картасы келісілді. Құжатты 2023 жылдың сәуір айында бекіту жоспарланып отыр.
Денсаулық сақтау министрлігі: биыл отандық дәрі-дәрмектердің үлесін 33% жеткізу көзделген

Жол картасы ТОП-50 BIGPHARMA-дан әлемдік фармацевтика индустриясымен өзара іс-қимылға, сондай-ақ ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға және фармацевтика және медицина өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2022 жылы отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесі 29% құрады. 2021 жылмен салыстырғанда үлес 5%-ға өсті.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында отандық дәрі-дәрмектердің үлесін арттыруды тапсырған болатын.