03.04.2023 _ 11:19

Президент бірқатар тағайындаулар жасады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.
Президент бірқатар тағайындаулар жасады

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына, Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.