07.04.2023 _ 08:37

Энергетика министрлігі: ЖЖМ жасанды тапшылығын болдырмау үшін мұнай базаларына тексеру жүргізіледі

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығындағы ахуал бойынша кеңесте ЖЖМ ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жалпы ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.

Сонымен қатар кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалады.

Осыған байланысты:

- Өңірлік штабтарға ЖЖМ жасанды тапшылығын тудырмау мақсатында өңірлік мұнай базаларын комиссиялық тексеру жөнінде шаралар қабылдау;

- Бұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізу тапсырылды.