Биыл 9-14 сәуір аралығында Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлері бойынша 36-шы Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа Азия құрлығының 24 мемлекетінен 300-ге жуық спортшының қатысуы жоспарланып отыр.
«Осы қатысушылар арасында 7 Олимпиада ойындарының жүлдегері, 5 Әлем чемпионатының жеңімпазы бар. Сондықтан бұл дүбірлі дода болайын деп тұр. Негізі Азия чемпионаты лицензиялық емес, бірақ Азия ойындары мен Әлем чемпионатының алдындағы негізгі жарыстардың бірі», - деді А. Бектенова.
Бұл жарысқа қатысатын қазақстандық спортшыларға келсек, ел намысын үш күрес түрінен 30 спортшы қорғайды. Олардың орташа жасы грек-рим күресінен 29 жасты, әйелдер күресінен 25 жасты, ал еркін күрестен 24 жасты құрайтынын айтты спорт саласының өкілі.
«Күрес түрлерінен ең тәжірибелі спортшыларымыз Алмат Кебіспаев, Елена Шалыгина қатысады. Азия чемпионатында бірінші орын алған спортшыға 2300 доллар, екінші орын алғанға 1400 доллар, үшінші орын алған спортшыға 900 доллар сыйақы қарастырылған. Осындай сыйақы жаттықтырушыларына да берілмек. Сонымен қатар, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» деген атақ қарастырылған», - деді комитет басшысының орынбасары.