07.04.2023 _ 14:20

Астанада Азия чемпионатының ашылу салтанаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді - ОКҚ брифингі

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жарыстың ашылу салтанаты 9 сәуірде сағат 17.00-де өтеді.

«Қазақстандық командалар барлық үш стильде толық құрамда өнер көрсетеді. Біздің еліміздің атынан 30 спортшы қатысады, олардың арасында халықаралық аренада бірнеше рет өнер көрсеткен атақты спортшылар бар», - деді Димаш Сұлтанов.

Грек-рим күресінен олар Нұрсұлтан Тұрсынов, Демеу Жадыраев, Алматы Кебіспаев, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков. Әйелдер күресінде Жәмила Бақбергеновадан, Эльмира Сыздықовадан үміт күтіліп отыр. Сондай-ақ, грек-рим күресінен Моңғолиядағы Азия чемпионатында жеңіске жеткен Әлімхан Сыздықов қазіргі Азия чемпионы атағын қорғайтын болады.

«Бүгінгі таңда спортшылар, командалар өкілдері, халықаралық күрес федерациясы өкілдері келе басталды», - деп түйіндеді спикер қазақстандықтарды спортшыларды қолдауға шақыра отырып.