Бірінші кезекте Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында реконструкцияланатын республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолының учаскесіне барды. Ұзындығы 208 шақырымды құрайтын жол учаскесінде 2023-2025 жылдар аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» тас жолын реконструкциялау жобасы аясында іске асырылатын ұзындығы 305 км «Жезқазған – Қарағанды» күре жолымен қатар жаңғыртылатын учаскелердің бірі болады.
«Қызылорда – Жезқазған» автожолын реконструкциялауға мейлінше жергілікті компанияларды тарту қажет. Биыл бастапқы кезеңде 65 шақырым жол пайдалануға берілуге тиіс. Жалпы жобаны аяқтау өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді», — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр ЖЭО қазандық агрегаттарының орташа тозу деңгейі 74% екенін атап өтті, осыған байланысты меншік иесі жаңа жылыту маусымына дейін қосымша қазандықты іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп, жалпы энергия көзін күрделі жөндеу мәселелерімен белсенді түрде айналысуы қажет.
«Алдағы қыста тосын жағдайлардың алдын алу үшін қазірден бастап ЖЭО-ны жөндеуге қаржы құю керек. Өткен жылы меншік иесі 2,3 млрд теңге салуды жоспарлаған болатын, бірақ жұмыстың бір бөлігі кейінге қалдырылды. Биыл ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарын толықтай қаржыландыру қажет. Қаражат “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасы аясында қайтарылатын болады», — деді Әлихан Смайылов.
Одан кейін Үкімет басшысы Жезқазған қаласындағы «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ барып, негізгі шаруашылық-ауыз су тазарту құрылысын реконструкциялау барысымен танысты (2-кезек). Осы жұмыс аясында шаруашылық-ауыз суды тазарту мен дайындаудың жаңа технологияларын қолдану көзделген. 2022 жылғы мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары 2025 жылғы желтоқсан айында аяқталуы тиіс.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында биыл шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын жаңғырту жұмыстары басталмақ. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 6 млрд теңге бөлінді. Осыған байланысты әкімдік жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуі қажет», — деді Үкімет басшысы.
«Инфрақұрылым жүргізу, оны жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру және басқа да іс-шараларды орындау кезінде қала шекарасын одан әрі кеңейту перспективалары ескерілуі керек. Әкімдік бұл мәселені бақылауда ұстауға тиіс», — деді Әлихан Смайылов.