20.04.2023 _ 14:30

Педагогтердің көмегіне мұқтаж балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсетіледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ҰҒПО» РММ директоры Әйгерім Кудеринова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Қазақстанда инклюзивті білім берудің қалай дамып жатқандығы туралы айтып берді.
Педагогтердің көмегіне мұқтаж балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсетіледі

«Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қағидалары әзірленіп, бекітілді, оларға сәйкес арнайы жағдайлар жасалады және педагогтердің көмегіне мұқтаж барлық балалар оқу процесінде сүйемелденеді. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі енгізілді», – деді спикер.

Сонымен қатар, педагогтерге практикалық көмек көрсету үшін тәжірибелі жалпы білім беретін мектептер базасында ресурстық орталықтар құрылуда. Бүгінгі таңда бұл саладағы басты мәселе - кадрлардың жетіспеушілігі болып отыр, деді РММ директоры.

Оның пікірінше, педагогтерді ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдістеріне оқыту жөніндегі шараларды күшейту қажет.