«Қазақстан шахмат федерациясы» балаларды 2017 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Мектептегі шахмат» бағдарламасына қатысуға шақырады. Сонымен қатар федерация Қазақстандағы шахмат қоғамдастығы ұйымдарымен бірлесіп түрлі жарыстар өткізеді.
«Биыл шахмат олимпиадасын бастадық. Ғылыми-практикалық орталық деген бар, олармен бірлесіп олимпиада өткіздік. Әр жыл сайын «Ақбоз ат» атты шахмат лигасы өткізіледі. Барлық спорт түрлері және шахмат бойынша жарыстар осы лига аясында ұйымдастырылады», – деді Г. Дәулетова.
Сонымен қатар ол шахматтан Павлодар қаласында өткізілген тәжірибе жайлы айтып берді. Оның аясында бір топта мың оқушы, ал екінші топта 600 адам жиналған.
«Келесі оқу жылы басталғанда шахмат үйреніп жатқан оқушылардың біліктілігі, интеллектуалдық деңгейі, сондай-ақ математикадағы үлгерімі мен сөйлеу дағдысы артқаны байқалды. Демек, шахматты балаларға үйретудің маңызы зор. Қазіргі уақытта Павлодар облысында 200-ге жуық мектепте шахмат бағдарламасы енгізілді», – деді шахмат федерациясының директоры.