25.04.2023 _ 17:29

Елімізде энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың тұжырымдамасы әзірленді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалды, деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Елімізде энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың тұжырымдамасы әзірленді

Аталған тұжырымдаманың көмегімен отын-энергетикалық ресурстарды тұтынудың көлемін азайту мен оны тиімді пайдалануды жолға қою арқылы Қазақстанның ІЖӨ-де энергия сыйымдылығын төмендету көзделген.

Бұл бастаманы іске асырудың нәтижесінде өнеркәсіптің басым секторларында өнім өндірудегі энергия ресурстарының шығыны төмендеп, бюджеттік секторда, ТКШ-да және көлік секторында энергия тұтыну мөлшері біршама азаяды деп болжанып отыр.