03.05.2023 _ 08:56

Жыл басынан бері 6,1 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 112,6 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан бері 6,1 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,9%) Өзбекстаннан, 19,1% – Қытайдан, 12,1% –Ресейден 5,6% – Түрікменстаннан, 5,7% – Моңғолиядан, және 1% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,2%), Маңғыстау (13,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (5,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (11%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 68,8%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,9%-ды және зейнеткерлер 8,3%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 18%-ы жоғары білімді, 38,6%-ы орта кәсіби білімді, 37,4%-ы жалпы орта білімді және 5,9%-ының білімі жоқ.