Кездесу Жамбыл облысында өтті. Өңірде аталған бағдарлама 2019 жылдан бері іске асырып келеді. Осы уақыт ішінде облыстың ауылдық округтерінің 3,9 мыңнан астам кәсіпкері жеңілдікпен несиелер алды. Биыл берілген қарыздар санын 4644-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.
«Ауыл аманаты» бағдарламасына 2023 жылы 100 млрд теңге қарастырылған, бұл ауыл тұрғындарына 2,5%-бен 17 мыңнан астам жеңілдетілген шағын несие беруге және ауылда 18 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жалпы, 7 жыл ішінде бағдарламаға 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтып және оларды кооперативтік кәсіпкерлікке тарту, сондай-ақ 350 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, 1 трлн теңгеге дейін бағыттау жоспарланып отыр.
«Ауыл аманаты» – әр облыс әкімдіктері оны өңірдің ерекшеліктеріне бейімдей алатын өте икемді бағдарлама. Жергілікті жерлерде мемлекеттік органдардың белгілі бір ауылдық округтің және жалпы облыстың қажеттіліктерін ескере отырып, несиелендірілетін жобалар бойынша басымдықтарды дұрыс қоюы маңызды», – деді АШМ Қаржы құралдары және микрокредит беру департаментінің директоры Тұрар Мұхамеджанов.
Жамбыл облысының Ауыл шаруашылығы басқармаларының қызметкерлері әріптестерімен жоба шеңберінде жұмысты ұйымдастырудағы өз тәжірибелерімен бөлісті, ал бұрын шағын несие алған ауыл кәсіпкерлері іске асырылған жобаларын таныстырды.
Қатысушыларға жобаларды, НҚА-ны іске асыру бойынша ұсыныстары бар құжаттар топтамасы, сондай-ақ жұмыс тәжірибесінен сәтті кейстер туралы ақпарат ұсынылды.