16.05.2023 _ 08:07

Мемлекет басшысы А.Құрманбековті ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды (марқұм).