22.05.2023 _ 15:57

Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 2022 жылы рекордтық 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады

Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 2022 жылы рекордтық 1,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,1%-ке көп (1,2 млрд АҚШ), деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Қазақстаннан Сингапурға Экспорт 2022 жылы 67,8%-ке өсіп, 1,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Сингапурға қазақстандық экспорттың өсуі мұнай жеткізілімдерінің 68,6%-ға немесе 761,6 млн АҚШ долларын ұлғаюы әсерінен болды (1,1-ден 1,87 млрд АҚШ). Қазақстаннан Сингапурға негізгі экспорттық тауар мұнай болып табылады, оның үлесі 99,9%.

Сингапурдан Қазақстанға Импорт 2022 жылы 0,5% -ға өсіп, 47,1 млн АҚШ долларын құрады.

Сингапурдан Импорт негізінен компьютерлік өнімдерден, әртүрлі өлшеу жабдықтарынан және химиялық заттардан тұрады.

Анықтама: 2023 жылдың 1 тоқсанында елдер арасындағы тауар айналымы 7%-ға қысқарып, 393,5 млн АҚШ долларын құрады, бұл мұнай жеткізілімінің 14%-ға 357,2 млн АҚШ долларына дейін төмендеуінің салдары болып табылады, ал Сингапурдан импорт 2023 жылдың 1 тоқсанында 5 есеге яғни 36,1 млн АҚШ долларына дейін өсті. (өсім 19,9 млн АҚШ долларына 1 ұшақ сатып алу есебінен болды).