30.05.2023 _ 14:10

Субсидиялау бағдарламасы туристік бағыттарды дамытуға бағытталған - Талғат Ластаев

2023 жылы 7,2 млрд теңгеге 23 туристік бағыт субсидияланады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев ОКҚ алаңында өткен азаматтық авиацияны дамыту және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифинг барысында мәлімдеді.

 «Биыл жалпы сомасы 7,2 млрд теңгеге 23 бағыт субсидияланады. Бастапқыда субсидиялау бағдарламасы өңірлердің Астанамен байланысына бағдарланған болса, қазір оны Алакөл, Балқаш, Ақтау, Щучье-Бурабай аймағы, Түркістан сияқты курорттық аймақтарды дамытуға бағыттаймыз», – деді Талғат Ластаев.

Қазақстанда 2017 жылдан бастап open sky режимі енгізілген және бүгінгі күні халықаралық тасымалдар 103 әуе бағыты бойынша 27 елде орындалады.