12.06.2023 _ 09:05

Қазақстандық әуе компаниясы Пәкістанға жолаушылар рейстерін ашады

Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билігімен бірлесіп және ҚР Пәкістандағы Елшісі Е.С. Кистафиннің көмегімен SCAT әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. 

2023 жылғы 8 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы Вoeing 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу елдер арасындағы сауда - экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.