12.06.2023 _ 14:20

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді және Ресей халқын ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатында Ресей халқына амандық тіледі, сондай-ақ екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.