14.06.2023 _ 10:14

«Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» ордендерімен марапатталды

khabar.kz

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан «Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады. Сондай-ақ ол қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтты.