14.06.2023 _ 11:22

Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарады

«Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінен балаларға ақшалай жинақ түрінде мемлекеттен алғашқы көмек беру мақсатында әзірленді.
Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарады

Қаржыны балалар кәмелеттік жасқа толғанда тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім алу үшін пайдалана алады.

18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Көрсетілген кезеңде азамат тарапынан талап етілмеген жағдайда шоттағы қаражатты сол адамның зейнетақы шотына аудару ұсынылады.

Есептеулер автоматты түрде жүзеге асырылады, есепке алуды БЖЗҚ жүргізеді. Төленетін қаражат салық салудан босатылады.

Бұл тетік 2024 жылы іске қосылмақ.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарламаның жүзеге асырылатыны туралы мәлімдеді. Ол Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады