15.06.2023 _ 15:53

Қазақстан Израильге әуе рейстерін ашады

Қазақстан Израильге әуе рейстерін ашады

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.

2023 жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.  

Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.