15.06.2023 _ 14:10

ОКҚ алаңында онлайн режимде мерзімді әскери қызметін өтеген сарбаздардың тегін білім алуына орын бөлінді

Мерзімді әскери қызметін өткерген сарбаздардың жеңілдікпен білім алу шарттарын Қорғаныс министрлігі 2022 жылы әзірледі. Биыл мамыр айында әскери кеңесте Мемлекет басшысы бұл бастаманы мақұлдап, тиімді іске асыру үшін тиісті тапсырмалар берді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ аппарат басшысы, полковник Ербол Құмарбекұлы хабарлады. Оның айтуынша, еліміздің 70-тен астам жоғары оқу орнымен шарттар жасалған.

ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаеваның сөзінше, іріктеуге ыңғайлы болу үшін «Срочники 2.0» цифрлық платформасы енгізілді. Платформада ҚР Қарулы күштерінің, Ұлттық ұланның, ТЖМ, Мемлекеттік күзет қызметінің 110-нан астам әскери бөлімі тіркелген.

«Бұл жүйеде барлық әскери қызметін өтегендер және оларды ауыстыру мүмкіндігінсіз қызметінің барлық кезеңіндегі бағалаулар көрсетіледі. Жауынгерлік даярлықтың барлық пәндері бойынша әскери қызметшінің ағымдағы бағаларының рейтингі ай сайын шығарылады. Есепке алу әскерлердегі жауынгерлік дайындық журналдарында және осы электрондық платформада бір мезгілде жүргізіледі. Электрондық жүйеде әр сарбазға жеке рейтинг жасалады», – деді министрдің кеңесшісі.

Кандидаттарды іріктеу мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі: жауынгерлік дайындық; жеке тәртіптілік; арнаулы міндеттерді орындаудың толықтығы және психологиялық жағдайды бағалау. Әр сарбаз үш ЖОО-ны таңдайды. «Срочник 2.0» электрондық жүйесінде сарбаздарды ЖОО-лар бойынша бөлу автоматты түрде жүргізіледі.

Министрдің кеңесшісі ҚМ-да сарбаздардың жоғары оқу орындарына бөлінуін бақылау үшін комиссия құрылғанына назар аударды. Оның құрамына басқа күш құрылымдарының, азаматтық жоғары оқу орындарының және сарбаздар аналар комитетінің өкілдері кірді, деп атап өтті спикер.

«Конкурстық іріктеуге 2022 жылы көктемде әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметтің 12 548 әскери қызметшісі қатысуда. Қазір 1500 орын бөлінеді. 2022 жылы күзде әскерге шақырылған сарбаздар үшін 1500 орын бөлінетін тағы бір кезең өтеді», – деді А.Төлембаева.

Оның айтуынша, ҰБТ-ға ұқсас, оларды бұрмалау мүмкіндігінсіз QR-коды бар сертификаттар автоматты түрде қалыптастырылады.

Осыдан кейін тікелей эфирде тегін білім алатын 1500 сарбаз іріктелді.

«Платформа Қорғаныс министрлігінің сайтында қолжетімді. Сертификатты басып шығаруға болады. Тізімдер әлеуметтік желілерде жарияланып, тиісті жоғары оқу орындарына жіберіледі», – деп қорытындылады министрдің кеңесшісі.