15.06.2023 _ 17:47

Экономикалық шоғырлануға келісім беру мемлекеттік қызметі онлайн форматта қолжетімді

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімді ету мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп «Экономикалық шоғырлануға келісім беру өтініштерді қарау» мемлекеттік қызметін цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде бүгінгі күні қызмет онлайн форматта қолжетімді.

Аталмыш қызметті алуға ниетті азамат келісім алу туралы электрондық өтінішхатымен жүгіне алады, бұл қағазбастылықтан арылуға жол ашады.

Бұған дейін мұндай мәмілелер тек қағаз түрінде ғана берілетін. Ал бүгінде аталмыш мемлекеттік қызметті алуды жеңілдету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінің ішкі порталы құрылды. Онда өтініш берушілер қызмет көрсету туралы өтінішпен жүгініп, қажетті құжаттарды онлайн форматта ұсына алады. Өтінішті алғаннан кейін БҚДА мәмілені Кәсіпкерлік кодексінің нормалары аясында қарайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «Е-лицензиялау» порталында ұсынылады.

Бұл жұмысты Агенттік төрағасы бұйрығының жобасы шеңберінде құқықтық актілер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары деңгейінде бекіту жоспарланған. Онда құжаттарды портал арқылы беру міндетті шарт болады.

Агенттіктің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, келесі кезеңдерге көрсетілетін қызметті алушы толтыратын мәліметтерді жинауды ішінара автоматтандыру жоспарланған. Олар қызметке жүгінуші ұсынатын мәліметтер тізбесінің дұрыстығын растау және қысқарту үшін қажет.

Жеке тұлғалар (ЖСН, құжат нөмірі және т.б.) және заңды тұлғалар (БСН, ЭҚЖЖ және т. б.) туралы мәліметтерді алуды автоматтандыру жоспарлануда.

Онлайн өтінішті https://elicense.kz/ сілтеме арқылы беруге болады.