21.06.2023 _ 11:20

СҚО-да жыл соңына дейін 330 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Солтүстік Қазақстан облысының  әкімі әкімі Айдарбек Сапаров ОКҚ алаңында өткен брифингте бұл жерлер болашақта егіс алқабы мен жайылымдық жерлерді кеңейту үшін пайдалануға беріледі.
СҚО-да жыл соңына дейін 330 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі тұрақты бақылауда. Әр аптаның жұма күні өңірде арнайы комиссия отырыстарында жер инспекциясы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап отырады.

«Өз еріктерімен қайтармайтын болса, іс сотқа беріледі», – деп нақтылады әкім.

Былтыр өңір бойынша 304 мың гектар жер қайтарылып, облыстағы мемлекет меншігіндегі жер көлемі 90 мың гектарға көбейген. Биыл 330 мың гектар жерді қайтару жоспарланып отыр, бүгінде оның 57 мың гектары қайтарылды. Бұл жұмыстардың қатаң бақылауға алынғанын және жалғаса беретінін айтты әкім.

Сонымен қатар облыстағы 223 мың гектар жер қор жерлеріне жатады. Ол жерлер халыққа мал жаю үшін және конкурстар арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын тұрғындарға берілмек.