23.06.2023 _ 14:22

Креативті индустрияға жататын экономикалық қызметтің 43 негізгі түрі бекітілді

Тізімге зергерлік бұйымдар, IT және ойын жасау, мәдени мұра, телебағдарламалар, фото және дизайн, сәулет және сән, музыка, кино және анимация, сондай-ақ кейбір мәдени-демалыс мекемелері сияқты іс-шаралар кірді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
фото Freepik

Критерийлер барынша жеңілдетілді және халықаралық ұсыныстарға сәйкес келтірілді.

Осылайша, креативті индустрия жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын экономика секторына айналды.

«Министрліктің креативті қоғамдастықпен және мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысының арқасында Қазақстанда алғаш рет креативті индустрияны қаржылық жағынан да, қаржылық емес жағынан да қолдау үшін құқықтық негіз пайда болды. Бұл үдеріс саланың жаңалығына және тіпті халықаралық деңгейде бірыңғай критерийлердің болмауына байланысты белгілі бір уақытты алды. Мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары саладағы жағдайды мұқият зерделегеннен кейін биыл Үкіметтің қарауына ұсынылатын болады», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.