23.06.2023 _ 11:20

Тұрғындар МИБ төрағасын Е-дауыс беру арқылы сайлай алады

Қазақстанда МИБ құру және оның қызметі, сондай-ақ оны тіркеу шеңберінде электрондық дауыс беру бойынша пилоттық жоба қолға алынды. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Әділет органдарының қызметін жетілдіру туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді.
Тұрғындар МИБ төрағасын Е-дауыс беру арқылы сайлай алады

Министрдің айтуынша, жоба жалпы жиналыс хаттамаларында тұрғындардың органдар мен сотқа жүгінуіне әкеп соғатын тұрғындардың қойған қолдарын бұрмалау дауын шешуге септігін тигізеді.  

«Біз бұл мәселені цифрландыру арқылы шештік, сондай-ақ цифрлық дауыс беруді жасадық, телефон арқылы электрондық дауыс беру хаттамасы жасалуда, яғни бір подъезд немесе бүкіл үй дауыс беріп, МИБ төрағасын таңдай алады. Мұның бәрі онлайн форматта, ашық және ешкім бұл жалған және теріс пайдалану деп айта алмайды», – деді ол.

Дауыс беру қорытындысы бойынша электрондық хаттама әділет органдарына түседі.

Пилоттық жоба биыл сәуір айында бүкіл республика бойынша іске қосылды. Жобаға 100-ге жуық үй қатысады, 4 МИБ-ті тіркеу сәтті жүргізілді, 20 үй электрондық дауыс беруді өткізуге өтінім берді.