26.06.2023 _ 14:10

«Ұлытау жастары» бағдарламасы аясында жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі - әкім

Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, қазір өңірде тұрғын үй мәселесі басым бағыт болып саналады.
«Ұлытау жастары» бағдарламасы аясында жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі - әкім

Облыста жалпы 6 арендалық және 4 кредиттік, 17 коммерциялық үй салына бастады. Үй кезегінде тұрған әлеуметтік топтар үшін 998 млн теңгеге 100-ден астам пәтер салынады. Кезекте облыс бойынша 7 мың азамат тұр.

Сонымен қатар арнайы «Ұлытау жастары» бағдарламасы қабылданды. Оның аясында Отбасы банкімен бірге 40-тан астам жас тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Жеңілдетілген несие аясында облыстық бюджеттен жыл сайын 500 млн теңге бөлінеді.

Сондай-ақ Жезқазған қаласындағы 34-ке жуық апатты үйге қатысты мәселені шешу керек. Қазіргі уақытта осы жұмысқа қатыса алатын жергілікті құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.