27.06.2023 _ 11:20

Түркістан облысында электр энергиясының тапшылығы мәселесі қалай шешілуде?

Бұл өңір үшін өзекті мәселе, себебі электр энергиясының 80%-ы басқа облыстардан алынады және 20%-ы жергілікті жерде өндіріледі. Сонымен қатар инвестиция тартуға, жаңа кәсіпорындарды ашуға басымдық беріледі, ал  олардың жұмысына тұрақты электр энергиясы қажет. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, мәселе кешенді тәсілмен шешілмек.

«Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шамамен 960 МВт өндіретін бу-газ қондырғысы салынатын болады. Қазіргі уақытта облысымыздың қажеттілігі 320», – деді әкім.

Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері дамып келеді, олар шамамен 228 МВт өндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Түркістан қаласы мен Созақ ауданында 120 МВт электр станцияларын салу жоспарланған.

2018-2022 жылдар аралығында Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 56 млрд теңгеге 43 жоба іске асырылып, 2834 жаңа жұмыс орны ашылды.

Биылғы жылдың 5 айында өңірдегі өнеркәсіп өнімі көлемінің өсімі сақталған, өсім негізінен өңдеу, электр және сумен жабдықтау өнеркәсіптері өнімдерін арттыру есебінен орын алып отыр. Осы орайда өңдеу өнеркәсібінде 19 жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 490 жаңа жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысы өнеркәсібінің негізгі үлесін тау-кен, яғни уран өндірісі құрайды. «Қазатомпром» компаниясы уран өндірушілердің сұранысына сәйкес Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды жоспарлауда. Жобаның инвестициялық құны 100 млрд теңге, 250 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

«Жалпы, өңірдің республикалық бюджеттің трансферттеріне тәуелділігі жоғары, өзіндік кірістерін көбейтуіміз қажет. Осыған орай облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асыру жоспарлануда», – деді Д. Сатыбалды.