04.07.2023 _ 11:52

Дәулетбек Құсайынов Қазақстанның Канададағы елшісі болып тағайындалды

Дәулетбек Құсайынов Қазақстанның Канададағы елшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.