05.07.2023 _ 13:43

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.

Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.